Туберкулез ауруының тіркелу жағдайы бойынша санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 сәуірде Шу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан келіп түскен шұғыл хабарлама негізінде «Екі өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі» МБТ(-), жаңа жағдай диагнозымен туберкулез ауруының жағдайы тіркелді. Науқас «Темір жол жөндеу» ЖШС филиалы «ПМС Бірлік» кәсіпорнында жұмыс істейді. Аталған жағдайға байланысты Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырып, кәсіпорында тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында санитариялық заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталып, жауапты тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды және бір қызметкер уақытша жұмыстан шеттетілді. Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлеріне «Туберкулез ауруының алдын алу» тақырыбында семинар өткізіліп, санитариялық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыс орнында және отбасында байланыста болған 39 адам қайта флюорографиялық тексеруден және Диаскинтест зерттеуінен өтті. Тексеру қорытындысы бойынша тыныс алу ағзаларынан патология анықталған жоқ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1231428?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді