Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңір басшысының өкімімен Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып Ердос Жанатұлы Жүсіпов тағайындалды.

Ердос Жүсіпов 1989 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 2011 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, ал 2023 жылы Торайғыров университетін «Computer Science» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өңірлік кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2011 жылы «Шаһар Press» ЖШС-де тілші болып бастаған. 2014-2023 жылдар аралығында ақпараттық технологиялар саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2024 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін «PetroRetail» ЖШС-нің Астана қаласы және Павлодар облысы бойынша филиалында өңірлік менеджер қызметін атқарды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1237650?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді