«Отбасы – бақыт мекені» атты ашық есік күні өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент ҚПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы “Отбасы – бақыт мекені” атты ашық есік күнін өткізді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық көмек көрсету.

Апталық аясында тұрғындар үшін ашық қабылдаулар ұйымдастырылып, құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, заң талаптарына сәйкес қажетті кеңестер берілді.

Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл ісшара – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сенімді нығайтып, әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастама. Отбасы – қоғамның тірегі, ал берекелі отбасы – тұрақты әрі қуатты мемлекеттің кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1237336?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді