Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.06.2026 – 12.06.2026
Қабылдау 1 этап: 11.06.2026 – 12.06.2026
Қабылдау 2 этап: 15.06.2026
Практикалық бағалау: 16.06.2026
Анықтама телефоны: 87153521426
E-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы жер қатынастары бөлімінің бас маманы (уақытша негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалысы кезеңіне 2027 жылғы 10 қаңтарына дейін), E-R-4 (Лауазым мәртебесі: уақытша бос)
Функционалдық міндеттері:
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер) және жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру, «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметтерін көрсету.
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне сәйкес мемлекеттік органның негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және «Е-өтініш» базасында жұмыс жүргізеді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес «Е-лицензиялау» базасында жұмыс жүргізеді.
Өз құзыреті шегінде жоғары тұрған органдарға кеңестерге материалдар мен ақпараттар дайындайды.
Жер қатынастары саласындағы нормалар мен қағидаларды қолдану мәселелері бойынша түсініктемелер береді, көрсетілетін қызметті алушыларға жер заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялар жүргізеді.
Жалға алу шарттарын, сервитут шарттарын, жер учаскелерін жалдау құқығын сатып алу-сату шарттарын жасайды.
Жер учаскелерін жалға алу шарттарын мерзімінен бұрын бұзу, жалға алу шарттарына өзгерістер енгізу және жалдау шарттарының бір бөлігін мерзімінен бұрын бұзу туралы келісімдер жасасу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Жылдық жер салығы мен жер учаскесі үшін жалдау ақысының есебін жүргізеді.
Жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалану құқығы (сервитут) үшін төлемнің есебін жүргізеді.
Мемлекет меншігіндегі жер учаскесін жалға алу құқығын сату төлемін анықтау актісін есептейді.
303202 коды бойынша түсімдерге талдау жүргізеді (жер учаскелерін жалға беру құқығын сату үшін төлем).
Өз құзыреті шегінде сот орындаушылары мен адвокаттардың сұрау салуларына жауап береді.
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары саласындағы қаулыларының жобаларын дайындайды.
НҚА жобаларын (аудан әкімдігінің нормативтік қаулылары, аудандық мәслихаттың шешімдері) әзірлейді және оларды «Ашық НҚА» порталында орналастырады.
Өз құзыреті шегінде жоғары тұрған органдардың сұрауларына, оның ішінде прокуратураның анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстарына жауаптар дайындайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды тұрақты негізде жүргізеді.
СҚО МКД Тайынша ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына тоқсан сайын есеп береді.
Иесіз жер учаскелерін анықтау және оларды есепке қою жұмыстарын ұйымдастырады.
Талап арыздар береді және жер қатынастары бөлімі қызметіне байланысты сот процестеріне қатысады.
Тоқсан сайын жер қатынастары саласында аудандық мәслихат қабылдаған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігіне құқықтық мониторинг жүргізеді.
Ревизиялық комиссияның аудиторлық іс-шараларын өткізу үшін қажетті материалдарды дайындайды және ұсынады.
Мемлекеттік орган қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық (заңдық) қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер және өзге де заңнамаларын сақтау мәселелері бойынша құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізеді.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:
құқықтану;
кадастр;
геодезия және картография;
мемлекеттік және жергілікті басқару;
жерге орналастыру.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртібі
Үміткерлер уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібімен конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tayinsha-ozo/press/news/details/1237329?lang=ru

Жауап қалдыру