📍 Маңғыстау облысында «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттары және инновациялар» атты республикалық семинар өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Маңғыстау облысында «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттары және инновациялар» атты республикалық семинар өтті.
🗣️ Семинар барысында мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелері, қазақ тілінің цифрлық әлеуеті, ғылым мен білім саласындағы тілдің орны, тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету тетіктері және инновациялық жобалар кеңінен талқыланды.
👥 Аталған іс-шараға Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев пен басқарманың бас маманы Арайлым Нұрбаева қатысып, еліміздің әр өңірінен келген тіл саласының мамандарымен тәжірибе алмасты.
🤝 Кездесу аясында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың тиімді тәжірибелері таныстырылып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ұсыныстар талқыланды.
✅ Мұндай республикалық деңгейдегі іс-шаралар тәжірибе бөлісуге, жаңа бастамаларды зерделеуге және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1237736?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді