
Швецияның Хельсингборг қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Helsingborg халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жарысқа 25 елдің спортшылары қатысты.
🏓 U19 жас санатында қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушылары – Эльмира Алиева мен Тоқтамыс Хасенов) тамаша өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.
Жарыс барысында қазақстандық спортшы:
✅ Хьюго Джобсты (Швеция) – 3:0
✅ Обада Таббахты (Швеция) – 3:0
✅ Балаж Поорды (Венгрия) – 3:1
✅ Абхинандх Прадхивадхиді (Үндістан) – 3:2
✅ Ян Мругаланы (Польша) – 3:0
✅ Йохан Хавстинді (Дания) – 3:1
✅ Самуэль Михнаны (Польша) – 3:1 есебімен жеңді.
🥇 Осы жеңісінің арқасында Алан жастар арасындағы әлемдік рейтингке 1000 ұпай еншілеп, турнир чемпионы атанды.
👏 Аланды және оның бапкерлерін жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-ulyanov/press/news/details/1237212?lang=ru

Жауап қалдыру