Көші-қон қызметі мен ХҚКО мамандары жұмыс кездесуін өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері мен Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарының қатысуымен шетел азаматтарына Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты (ықтиярхат) рәсімдеу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында ықтиярхат алуға қажетті құжаттар тізбесі, өтініштерді қабылдау тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде туындайтын өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Сонымен қатар қатысушылар құжаттарды рәсімдеу барысында заң талаптарын сақтау, азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Жиын барысында көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, қызмет көрсету тиімділігін жоғарылату және мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру бағытындағы ұсыныстар қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын одан әрі жақсарту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

https://www.instagram.com/p/DZUoc2bCq4r/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1237160?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді