ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖҰМЫСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖҰМЫСЫ БАСТАУ АЛДЫ
🇰🇿3 маусым күні “Достық” саябағында «Болашақ» жазғы демалыс лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
🇰🇿Салтанатты шара ұлттық нақыштағы “Тойбастар” биімен басталып, бағдарлама аясында қазақ халқының дәстүріне сай шашу шашылып, ақ бата берілді.
🇰🇿Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев қатысып, лагерь жұмысына сәттілік тіледі.
🇰🇿Лагерь құрамындағы «ТҰМАР», «РУХ», «САҚ», «Дәстүр», «NOMAD» топтары өз атаулары мен ұрандарын таныстырып, лагерь антын қабылдап, достық пен тәртіпті сақтауға уәде берді.
🇰🇿Шараның концерттік бөлімінде Казталов балалар музыка мектебінің оқушылары өнер көрсетіп, ұлттық әндер орындалды. Сонымен қатар “Арғымақ” биі мен “Атамекен” әні көпшілік назарына ұсынылды.
🇰🇿Мерекелік кеш лагерь гимні мен балалардың флешмобымен қорытындыланды. Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, жазғы лагерь маусымына сәттілік тілесті.
«Болашақ» жазғы лагері балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге, ұлттық тәрбие мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды тәрбиелік алаң болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1237096?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді