2026 жылғы 29 мамырда Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы Махаббат Сағынбайұлы Жутаевтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты VIII шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 мамырда Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы Махаббат Сағынбайұлы Жутаевтың төрағалығымен Қостанай облыстық мәслихаты VIII шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қостанай облысының әкімі Ақсақалов Құмар Іргебайұлы, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық басқармалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Қостанай облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ облыс әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу мәселелері қаралды.

Сессияның барлық материалдары депутаттарға танысу үшін алдын ала жіберілгені, ал мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала талқыланғаны атап өтілді.

Қарау қорытындысы бойынша шешімдер жобаларын депутаттық корпус қолдап, белгіленген тәртіппен қабылдады. Сессия соңында Қостанай облысының әкімі сөз сөйледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1237035?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді