
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл жоғары медициналық колледжінің жұмысымен танысты
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Жамбыл жоғары медициналық колледжіне барып, оқу орнының қызметімен танысты.
Министрді колледж директоры Жәмилә Сарыбекова қарсы алып, білім беру ұйымының негізгі қызмет бағыттары, жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары және орта буын медицина қызметкерлерін даярлау жүйесі туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сапар барысында министр колледждің оқу-материалдық-техникалық базасын аралап көріп, оқу кабинеттері мен симуляциялық орталықтардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға бағытталған заманауи оқыту әдістері, цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесі және клиникалық дағдыларды меңгеру мүмкіндіктері көрсетілді.
Кездесу барысында өңірдің денсаулық сақтау саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету, медициналық білім берудің сапасын арттыру, кадр даярлау жүйесін жетілдіру және практикалық оқытуды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Министр колледжде жасалған оқу жағдайлары мен материалдық-техникалық базаның деңгейіне оң бағасын беріп, білім беру үдерісіне енгізілген заманауи тәсілдердің болашақ медицина мамандарын сапалы даярлауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, оқу орнының өңірдің денсаулық сақтау жүйесі үшін сұранысқа ие мамандар даярлаудағы үлесін жоғары бағалап, ұжымның атқарып отырған жұмысына ризашылығын білдірді.
Өз сөзінде Ақмарал Әлназарова медициналық колледждердің денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті қалыптастырудағы рөлі ерекше екенін атап өтіп, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, ең алдымен, кәсіби даярлығы жоғары мамандарға байланысты екенін жеткізді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары мен медициналық мекемелер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін айтты.
Сапар қорытындысы бойынша министр колледж ұжымына алдағы жұмыстарына табыс тілеп, медициналық білім беру сапасын арттыру бағытындағы бастамаларға қолдау білдірді.
Показать меньше

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/1237003?lang=ru

Жауап қалдыру