2026 жылғы 05 маусымда сағат 15:00-де Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Алпаш» ШЖҚ МКК-де кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті. Іс-шара барысында жүргізілген талдаудың нәтижелері таныстырылып, анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылды, сондай-ақ оларды жою және алдын алу жөніндегі шаралар талқыланды. Талқылауға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыттарымен танысып, кәсіпорын қызметінің ашықтығын арттыру бойынша ұсыныстар енгізді. Жария талқылауды өткізудің мақсаты – «Алпаш» ШЖҚ МКК қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және кәсіпорын қызметіне азаматтардың сенімін арттыру.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-zhkh/press/news/details/1236704?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді