Желтоқсан айындағы мереке күндері қосымша пойыздар жүреді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Жолаушылар тасымалы” АҚ Қазақстанның Тәуелсіздік күніне және жаңа жылға қосымша пойыздарды іске қосады.
Қосымша рейстер келесі бағыттар бойынша жүреді:
№ 201/202 Астана – Алматы пойызы:
– Астанадан осы жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсанында, сондай-ақ 2025 жылдың 1 және 4 қаңтарында;
– Алматыдан 2024 жылдың 14, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсанында, сондай-ақ 2025 жылдың 2 және 5 қаңтарында.
№ 203/204 Астана – Шымкент пойызы:
– Астанадан 2024 жылғы 13, 17, 20, 23, 26, 29 желтоқсан, сондай-ақ 2025 жылғы 1 және 4 қаңтар;
– Шымкенттен 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2025 жылғы 2, 5 қаңтар.
№ 205/206 Ақтөбе – Астана пойызы:
– Ақтөбеден ағымдағы жылғы 13, 16, 19, 22, 25, 28 желтоқсан, сондай-ақ 2025 жылғы 1 және 4 қаңтар;
– Астанадан 2024 жылғы 14, 18, 21, 24, 27, 30 желтоқсан және 2025 жылғы 3, 6 қаңтарда аттанады.
2024 жылғы 13 желтоқсаннан бастап электр пойыздарының қосымша рейстері іске қосылады:
– № 7553/6811-6812/7556 Қарағанды – Астана – Бурабай шипажайы жұма, сенбі және жексенбі күндері қатынайды;
– № 7509/6805 – 6806/7510 Павлодар – Астана – Бурабай шипажайы – жұма және жексенбі күндері.
Анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша, сондай-ақ “Жолаушылар тасымалы” АҚ Instagram – @jolaushylar_tasymaly арқылы тегін алуға болады.
“Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893922


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді