
Арыс қаласы мен оған қарасты ауылдық округтерде марокко шегірткесінің таралуының алдын алу мақсатындағы фитосанитарлық шаралар қарқынды жалғасып жатыр. Зиянкестерге қарсы күресті нәтижелі жүргізу үшін қала аумағы 17 секторға бөлініп, әр аумаққа жауапты мамандар бекітілген.
Қала әкімі Қайсар Маңқараев бүгін кезекті рет шегіртке анықталған аумақтарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Жауапты сала мамандарымен тілдесіп, өңдеу жұмыстарының сапасына назар аударып, туындаған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Мамандардың айтуынша, күн сайын таңертең арнайы анықтаушы топтар зиянкес шоғырланған аумақтарды белгілейді. Осыдан кейін арнайы техникамен қамтылған жұмысшы топтар дер кезінде химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда барлық секторларда залалсыздандыру шаралары жоспарға сай атқарылуда.
Қала басшысы шегірткеге қарсы күресте қырағылықты әлсіретпеу керектігін айтып, әсіресе шекаралас аумақтарда бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар бұл жұмыстар тұрақты түрде жалғасып, жағдай күнделікті бақылауда болатынын жеткізді.





Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1236264?lang=kk

Жауап қалдыру