ДАЛА ӨРТІ ҚАУІПІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті тұрғындар және шаруа қожалықтарының иелері!
Дала өртінің алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Арыс қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі, Арыс қалалық төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан және Ақдала, Дермене, Байырқұм, Жиделі, Монтайтас және Қожатоғай ауылдық округтерінің мамандары шаруалармен кездесу өтті.
Кездесу барысында Ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтарына алдағы уақытта шөп ору маусымында техникалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, дала өртіне қарсы ауыл шаруашылығы техникаларына ұшқынсөндіргіш (искрогаситель) орнату туралы тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарлама таратылды.
❗ Тыйым салынады:
🚫 қамыс, құрғақ шөп және қоқыс өртеу
🚫 ашық от жағу
🚫 темекі тұқылын далаға тастау
✅ Міндетті түрде:
✔️ ауыл шаруашылығы техникаларына ұшқынсөндіргіш (искрогаситель) орнату
✔️ жанар-жағармай құю кезінде қауіпсіздік сақтау
✔️ өрт шыққан жағдайда бірден 101 немесе 112 нөміріне хабарлау
⚠️ Өрт қауіпсіздігін сақтау – әр азаматтың міндеті!
Табиғатты, елді мекенді және мал-жанды бірге қорғайық!
 
Возможно, это изображение комбайн
 
Возможно, это изображение комбайн

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-arys/press/news/details/1236261?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді