Бүгін Ақтау қаласында «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттары және инновациялар» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алқалы жиында тіл саясатын іске асыруда инновациялық технологияларды пайдалану, тиімділігі жоғары заманауи тәжірибелерді қолдану бағыттары қарастырылды.

Еліміздің әр өңірінен тіл саясатына жауапты құрылым өкілдері қатысқан семинарда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева «Қазақ тілінің өңірлік дамуы: нәтижелер мен проблемалар» тақырыбындағы TED форматындағы алаңда сөз қозғап, пікір-пайымын ортаға салды. Қарағанды облысында басқарма тарапынан заманауи үлгіде іске асып жатқан 3 жаңа жобаны таныстырды.

  1. «Сөзжасам» жобасы Өнеркәсіп пен ғылым салаларында баламасы жоқ немесе дәл аудармасы қиын ұғымдарға сауатты қазақша атаулар беру көзделген жоба аясында өткен жылы 200-ге жуық термин зерделеніп, оның 103-і Республикалық терминология комиссиясының қарауына жолданды.
  2. «DIGITAL KZ» өңірлік хакатон жобасы

Қазіргі цифрлық дәуірде тілдің де цифрлық ортада дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бұл жобаның мақсаты – қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейту. Айта кетейік, биыл Қарағанды облысында алғаш рет өңірлік хакатон ұйымдастырылады. Хакатон барысында мобильді қосымшалар, цифрлық сервистер және инновациялық IT өнімдер әзірленетіні айтылды.

  1. «Сөйлеу мәдениеті» жобасы

Тіл саясатын дамыту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы «Сөйлеу мәдениеті» курсы Тіл саясаты комитетінің ұсынысы бойынша әзірленіп, сәуір айында басталды. Бұл жоба аясында мемлекеттік қызметкерлерді және түрлі сала мамандарын «Сөйлеу мәдениеті» курсында оқыту көзделген.

Алма Қабыкенқызы республикалық семинарда өзге өңірлерге таныстырған бұл жобалардың барлығы қазақ тілінің ғылыми әлеуетін жоғарылатуға, тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейтуге және қоғамда тіл мәдениетін арттыруға нақты ықпал ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1236142?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді