Жуалыда мектеп жанындағы жазғы лагерьлерде оқушылар мен балабақша бүлдіршіндеріне өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік шаралары, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері және табиғат аясында демалу кезінде от жағу қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жаз мезгілінде табиғат аясында демалу кезінде отты тек арнайы рұқсат етілген орындарда жағу, отты қараусыз қалдырмау және демалыс соңында толық сөндіру қажеттігі ескертілді. Балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Жауап қалдыру