БҚО-да «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы бастау алады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы, облыс әкімдігі жанындағы бала құқығын қорғау комиссиясы төрағасының орынбасары Афиза Болатқызы мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, жазғы демалыс кезеңінде өңір бойынша 126 221 баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру көзделген. Осы мақсатта мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлер, аула клубтары, спорт секциялары мен шығармашылық алаңдардың жұмысы ұйымдастырылуда.

Акция аясында балалардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, су айдындары мен жолдағы қауіпсіздікті күшейту, сондай-ақ тәуекел тобындағы балалармен жұмыс жүргізу бағытында кешенді іс-шаралар өтеді.

Басқарма басшысы ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, олардың бос уақытын бақылауда ұстауға және қауіпсіздік ережелерін үнемі еске салып отыруға шақырды.

Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 111 бірыңғай байланыс орталығына немесе 7420 сенім телефонына хабарласуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1236079?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді