Әділдік пен жауапкершілік Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі құндылықтарының бірі болып табылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Әділдік пен жауапкершілік Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі құндылықтарының бірі болып табылады.
Әділдік пен жауапкершілік – бұл адамның қадір-қасиетін құрметтеуге, сенімге, келісімге және әр адамның құқықтары мен бостандықтарын өзара құрметтеуге негізделген өзара байланысты принциптер. Азаматтардың өз құқықтарын, міндеттері мен жеке жауапкершілігін сезінуі тұрақты, үйлесімді және қарқынды дамып келе жатқан қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Адамның азаматтық және саяси құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау осы құндылықтарды іске асырудың маңызды шарты болып табылады, өйткені ол әрбір адамға қоғамдық өмірге толық қатысуға мүмкіндік береді және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді. Мемлекет пен азаматтардың бірлескен күш-жігерімен ғана заңның үстемдігіне, өзара құрмет пен жауапкершілікке негізделген әділ Қазақстанды құруға болады.
Әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл маңызды рөл атқарады. Омбудсмен азаматтардың өтініштерін қарайды, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге жәрдемдеседі, адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына мониторингті жүзеге асырады, сондай-ақ заңнаманы және адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді. Омбудсменнің қызметі азаматтық және саяси құқықтарды қорғау кепілдіктерін нығайтуға және қоғамда құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1236022?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді