
Елордада кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыс барысында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Талқылауға балалар құқығын қорғау саласының сарапшылары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту мен профилактикалық жұмысты арттырудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың, буллингтің және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.
Ағымдағы жылдың басынан бері комиссиялардың 23 отырысы өткізіліп, олардың барысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты 130 материал қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balaqorgau-astana/press/news/details/1235909?lang=ru

Жауап қалдыру