АСТАНАДА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗЕҢІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында жазғы каникул кезеңінде балалардың қауіпсіздігі, қайғылы жағдайлардың алдын алу және мектеп оқушыларының демалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Жиын Астана әкімінің орынбасары Есет Байкеннің төрағалығымен өтті.

Жазғы каникул қарсаңында елордада балалардың мектептер мен аулалардағы, сондай-ақ демалыс кезіндегі және су айдындары маңындағы қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2025 жылы Астана су айдындарындағы қауіпсіздік жүйесі күшейтілді. Бейнебақылау камералары ресми де, рұқсат етілмеген жағажайларға да орнатылды.

Бүгінгі таңда жабдықтарды орнату жұмысы аяқталып, камералар бірыңғай видеомониторинг платформасына қосылды.

Нәтижесінде, ресми және рұқсат етілмеген жағажайларды қоса алғанда, қаланың 42 нысаны 175 бейнебақылау камерасымен қамтылды.

Негізгі бағыттардың бірі – білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесін күшейту. Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Қуандықтың айтуынша, 2025 жылы қаланың 122 мектебінде 1940 бейнебақылау камерасы орнатылып, 834 камераға видеосараптама жүйесі енгізілген.

Жобаның екінші кезеңінде биыл тағы 1940 камера мен 100 дабыл түймесін орнату, сондай-ақ 1668 камераға видеосараптама енгізу жоспарланып отыр. 2027 жылы мектептерде қосымша тағы 100 дабыл түймесі орнатылып, видеосараптама жүйесі 2500 камераны қамтиды.

Осылайша, жобаны іске асыру қорытындысы бойынша елорданың мемлекеттік мектептерінде Астана қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына (ЖБО) жалғанған 5820 жаңа және 6960 қолданыстағы бейнебақылау камерасы жұмыс істейтін болады.

Отырыстың тағы бір бөлігі жаз мезгілінде балалардың жарақат алып қалу мәселесіне арналды. Елордалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары Данияр Тәжібаевтың хабарлауынша, жыл басынан бері «112» пультіне балалардың терезеден құлауы туралы алты хабарлама түскен. Спикердің айтуынша, бұған басты себеп – балалардың ата-ана назарынан тыс қалуы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balaqorgau-astana/press/news/details/1235900?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді