
Астана қаласындағы №119 орта мектебінде Халықаралық отбасы күніне орай
«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында ата-аналар мен балаларға арналған тағылымды семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты-отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі өзара түсіністік пен қолдаудың маңызын насихаттау.
Семинар барысында қатысушыларға отбасыдағы психологиялық ахуал, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, қауіпсіз орта қалыптастыру және балалардың құқықтарын қорғау бағытында маңызды ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар, ата-аналар мен оқушылар түрлі тренингтер мен пікір алмасу алаңдарына қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Шараға мектеп ұжымы, ата-аналар қауымы, оқушылар және сала мамандары қатысты. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына және отбасы институтын нығайтуға оң әсер ететінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balaqorgau-astana/press/news/details/1235898?lang=ru

Жауап қалдыру