Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

10.06.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының базасында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі жаңашылдықтары, олардың тәжірибелік маңызы және мемлекеттік органдар қызметінде қолданылу ерекшеліктері түсіндірілді. Сондай-ақ заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1238667?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді