Елордада көші-қон заңнамасын бұзған азаматтар жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Астана қаласында өткізіліп жатқан “Заңсыз келуші” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда.

     Іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған 500-ден астам шетел азаматын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау, тіркеу және олардың уақытша болуы туралы көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған 100-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

     Тексеру шаралары барысында ел аумағында заңсыз жүрген, тіркеу мерзімін бұзған және көші-қон заңнамасының өзге де талаптарын сақтамаған шетел азаматтары анықталды. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануға жол берген жұмыс берушілерге қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

     Полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонның алдын алу және көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1239252?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді