Саран қаласында кешенді оқу-жаттығу басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Саран қаласында төтенше жағдайларға ден қою бойынша кешенді оқу-жаттығудың бірінші кезеңі өтті. Іс-шара Қарағанды облысы әкімінің орынбасарының 2026 жылға арналған ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес өткізілуде.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – басқару органдарының, азаматтық қорғау қызметтерінің, авариялық-құтқару бөлімшелерінің және халықтың бейбіт және соғыс уақытында туындауы мүмкін төтенше жағдайларға әрекет ету дайындығын арттыру.

Бірінші кезең аясында төтенше жағдайлар кезінде күштер мен құралдарды басқару, қызметтердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру, ақпарат алмасу және жедел шешім қабылдау мәселелері пысықталды. Сонымен қатар, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға бағытталған практикалық іс-шараларды орындау тәртібі нақтыланды. Кешенді оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесіне кіретін барлық қызметтердің үйлесімді жұмысына ерекше назар аударылуда. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жедел әрекет ету деңгейін арттыруға, күштер мен құралдардың әзірлігін тексеруге және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1239405?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді