Ескелді ауылдық округінде Балаларды қорғау күніне арналған сурет байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ әлемі, қандай ғажап» атты сурет салу байқауы өтті. Байқаудың басты ерекшелігі – әрбір бала өз қиялын, ішкі дүниесін, өмірге деген қуанышын бояу тілімен жеткізіп, өз өнерлерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Кейбір қатысушылар отбасындағы жылулықты бейнелесе, енді біреулері табиғат аясындағы шаттықты немесе балалық шақтың қуанышты сәттерін қағаз бетіне түсірді. Әр сурет — баланың жүрегінен шыққан шынайы туынды, олардың бақыт туралы түсінігін көрсететін көркем тіл. Шараға қатысқан балалар өз өнерлерін барынша шеберлікпен көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1239595?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді