ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН WUHAN FINANCIAL HOLDINGS GROUP АРАСЫНДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН WUHAN FINANCIAL HOLDINGS GROUP АРАСЫНДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

👥 Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ухань қаласында Wuhan Financial Holdings (Group) компаниясының партия комитетінің хатшысы, директорлар кеңесінің төрағасы Мэй Линмен маңызды кездесу өткізді. Бұл ірі мемлекеттік қаржы корпорациясы Хубэй провинциясындағы алғашқы тізімге енген қаржылық холдинг ретінде белгілі.

📋 Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестікті өңірлік деңгейде одан әрі нығайту, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және Түркістан облысындағы әлеуеті мол жобаларды қаржыландыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

💬 Нұралхан Көшеров өз сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынас соңғы жылдары жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Мемлекет басшыларының бастамасымен қалыптасқан жоғары деңгейдегі саяси диалог өңіраралық байланыстардың дамуына да қуатты серпін беретінін жеткізді.

🖌️ Облыс әкімі Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуетіне тоқталып, бүгінде өңірдің Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі екенін атап өтті. Индустриялық өндіріс, агроөнеркәсіп кешені, туризм және инфрақұрылым салаларында ірі жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтып, қытайлық инвесторларды осы бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.

🎯 Кездесудің негізгі мақсаты Түркістан облысындағы инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді әрі қолжетімді қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мәселесі болды. Осы бағытта «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын негізгі қарыз алушы, облигация эмитенті немесе жобалық оператор ретінде қарастыру ұсынылды.

📑 Өңірлік даму институты мәртебесіне ие «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы инвестициялық жобаларды әзірлеу, қаржыландыруға қатысу, инфрақұрылым мәселелерін үйлестіру, сондай-ақ жобаларды толық сүйемелдеу жұмыстарын жүзеге асырады.

💰Кездесу барысында компанияның халықаралық қаржылық көрсеткіштері де таныстырылды. Бүгінде корпорацияның активтері 220 миллион АҚШ долларын құрап, меншікті капиталы 54 миллион АҚШ долларына жеткен. Сонымен қатар халықаралық S&P Global Ratings агенттігі тарапынан «B/B» және ұлттық шкала бойынша «kzBB+» рейтингтері беріліп, болжам «Тұрақты» деңгейінде бағаланған.

🤝Тараптар қаржылық ынтымақтастықтың екі негізгі тетігін қарастырды. Облыс басшысының айтуынша, мұндай қаржылық құралдар Түркістан облысы үшін юаньмен қаржыландырудың жаңа арнасын қалыптастырып қана қоймай, Wuhan Financial Holdings Group компаниясына Қазақстан мен Орталық Азия нарығына шығудың тиімді әрі сенімді платформасын ұсынады.

📋 Қазіргі таңда Түркістан облысында қаржыландыруды қажет ететін жобалардың нақты пулы қалыптасқан. Олар агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіптік парктер, туризм индустриясы және өңдеу өнеркәсібі бағыттарын қамтиды. Бұл жобалар өңір экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

🤝 Кездесу қорытындысында тараптар өзара тиімді қаржылық әріптестікті дамытуға және нақты инвестициялық бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екендерін білдірді.

📃Түркістан облысы мен Wuhan Financial Holdings Group арасындағы басталған диалог Қазақстан мен Қытайдың өңіраралық ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеріп, екі елдің экономикалық байланыстарын нығайтуға қызмет етеді. Сонымен қатар бұл келіссөздер Түркістан өңіріне халықаралық капитал тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

💵 Бұл ірі мемлекеттік қаржы корпорациясы Хубэй провинциясындағы алғашқы тізімге енген қаржылық холдинг Wuhan Financial Holdings (Group)ретінде белгілі. Компания банк, бағалы қағаздар, траст, сонымен қатар жартылай өткізгіштер мен заманауи логистика сияқты салаларды қамтитын 20-дан астам лицензияға ие.

🔗 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

*

ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ И WUHAN FINANCIAL HOLDINGS GROUP ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ СТРАТЕГИЧЕСКОГО ФИНАНСОВОГО ПАРТНЕРСТВА

В рамках рабочего визита в Китайскую Народную Республику аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров провел в городе Ухань важную встречу с секретарем партийного комитета, председателем совета директоров компании Wuhan Financial Holdings (Group) Мэй Линем. Данная крупная государственная финансовая корпорация известна как первый финансовый холдинг, включенный в листинг в провинции Хубэй.

В ходе встречи были всесторонне обсуждены вопросы дальнейшего укрепления стратегического партнерства между Казахстаном и Китаем на региональном уровне, расширения инвестиционного сотрудничества и финансирования перспективных проектов в Туркестанской области.

В своем выступлении Нуралхан Кушеров отметил, что отношения между Казахстаном и Китаем, основанные на дружбе и взаимном доверии, в последние годы вышли на новый качественный уровень. Он подчеркнул, что политический диалог высокого уровня, сформированный по инициативе глав государств, дает мощный импульс развитию межрегиональных связей.

Остановившись на инвестиционном потенциале Туркестанского региона, аким области отметил, что сегодня регион является одним из самых динамично развивающихся в Казахстане. Он рассказал о реализации крупных проектов в сферах индустриального производства, агропромышленного комплекса, туризма и инфраструктуры, и призвал китайских инвесторов принять активное участие в этих инициативах.

Основной целью встречи стало обеспечение инвестиционных проектов Туркестанской области долгосрочными и доступными финансовыми ресурсами. В данном направлении было предложено рассмотреть Социально-предпринимательскую корпорацию (СПК) «Туркестан» в качестве основного заемщика, эмитента облигаций или проектного оператора.

СПК «Туркестан», имеющая статус института регионального развития, осуществляет разработку инвестиционных проектов, участвует в финансировании, координирует вопросы инфраструктуры, а также обеспечивает полное сопровождение проектов.

В ходе встречи также были презентованы международные финансовые показатели компании. На сегодняшний день активы корпорации составляют 220 миллионов долларов США, а собственный капитал достиг 54 миллионов долларов США. Кроме того, международное агентство S&P Global Ratings присвоило компании рейтинги «B/B» и «kzBB+» по национальной шкале, прогноз оценен на уровне «Стабильный».

Стороны рассмотрели два основных механизма финансового сотрудничества. По словам главы области, подобные финансовые инструменты не только сформируют для Туркестанской области новый канал финансирования в юанях, но и предоставят Wuhan Financial Holdings Group эффективную и надежную платформу для выхода на рынок Казахстана и Центральной Азии.

В настоящее время в Туркестанской области сформирован конкретный пул проектов, требующих финансирования. Они охватывают такие направления, как агропромышленный комплекс, индустриальные парки, индустрия туризма и обрабатывающая промышленность. Эти проекты позволят диверсифицировать экономику региона, создать новые рабочие места и повысить экспортный потенциал.

По итогам встречи стороны выразили заинтересованность в развитии взаимовыгодного финансового партнерства и совместной реализации конкретных инвестиционных инициатив.

Начавшийся диалог между Туркестанской областью и Wuhan Financial Holdings Group выведет межрегиональное сотрудничество Казахстана и Китая на новый уровень и послужит укреплению экономических связей двух стран. Кроме того, данные переговоры откроют новые возможности для привлечения международного капитала в Туркестанский регион и будут способствовать повышению его инвестиционной привлекательности.

Данная крупная государственная финансовая корпорация известна как Wuhan Financial Holdings (Group) – первый финансовый холдинг в провинции Хубэй, прошедший процедуру листинга. Компания владеет более чем 20 лицензиями, охватывающими такие сферы, как банковское дело, ценные бумаги, траст, а также полупроводники и современная логистика.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1239715?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді