🔰 ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҰЯҚБАЕВ ЕРБОЛ ЖОРАКЕЛДІҰЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 2026 жылдың 12 маусым күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Жоракелдіұлының Түркістан облысындағы жұмыс сапары облыс тұрғындарымен кездесу іс-шарасымен бастау алды.
 
🔹 Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Файзулла Байдуллаев Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Тұяқбаев Ербол Жоракелдіұлына өңірге жасаған жұмыс сапары үшін алғысын білдірді. Өз сөзінде Файзулла Байдуллаев вице-министрдің облыс тұрғындарымен ашық форматта кездесіп, азаматтардың өзекті мәселелерін тыңдап, әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіруінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол халықпен тікелей байланыс орнату мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттырып, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге оң ықпал ететінін жеткізді.
 
🔹 Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Файзулла Байдуллаевтың төрағалығымен өткен кездесуге Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрмаханов Бегман Жамалбекұлы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М. Қозыханұлы, Департамент қызметкерлері және облыс тұрғындары қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында бірінші вице-министр Ербол Жоракелдіұлы өңір тұрғындарымен әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, олардың түйткілді мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М. Қозыханұлы басқармада атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
 
🔹 Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Тұяқбаев Ербол Жоракелдіұлы халықпен ашық диаолог ұйымдастыру мақсатында өңір тұрғындарымен жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша өтініштерін қабылдады.
 
🔹 Аталмыш кездесу еңбек қатынастары және әлеуметтік саладағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1240343?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді