Ғұмыр формуласы – 70 жыл. Ұстаздық реакция – 50 жыл

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 маусым күні Ақсай қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық ардагер ұстаздар кеңесінің «Дара жол» жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының және «Бөрлі ауданының құрметті азаматы» медалінің иегері Ганима Батырхаировна Сакимованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Ғұмыр формуласы – 70 жыл. Ұстаздық реакция – 50 жыл» атты шара өтті.

✅ Шараны мектеп директоры М.М. Сидихова мен Жас туристер станциясының директоры М.Ж. Хасанов ашып, мерейтой иесін құттықтады. Аудандық ардагер ұстаздар кеңесінің төрайымы Р.К. Ахметова мен мектеп ардагерлері жүрекжарды тілектерін білдірді. Сонымен қатар, Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің басшысы атынан құттықтау хат пен аудандық кәсіподақ комитетінің сыйлығы табысталды.

Шараға мерейтой иесінің жетекшілігін көрген мектеп түлектері де қатысып, ізгі тілектерін арнап, өз ықыластарын білдірді.

Шара барысында мектеп мұғалімдері Ганима Батырқайырқызының өмір жолын және мектеп музейінің тарихын сахналық көрініс арқылы бейнеледі. Сондай-ақ мерейтой иесінің еңбек жолына арналған бейнеролик көрсетілді.

Шара соңында мерейтой иесіне қатысты сұрақтар қойылып, отбасы атынан сыйлықтар табысталды. Ганима Батырқайырқызы шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға зор ілтипатын білдіріп, көрсетілген құрмет үшін шынайы алғысын жеткізді.

Кеш соңында «Ұстазым» әні шырқалып, мерекелік шара өз мәресіне жетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/1240412?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді