Қонаев қаласында құрылыс компанияларымен еңбек қатынастары бойынша түсіндіру жұмысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қалалық құрылыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында қала аумағында құрылыс жүргізіп жатқан құрылыс компанияларының өкілдерімен және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің мамандарымен кездесу өтті.

Жиында құрылыс саласындағы еңбек қатынастарын заңнама талаптарына сай реттеу, жұмысшыларды ресми түрде жұмысқа қабылдау кезінде жіберілетін заңбұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.

Сала мамандары еңбек заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды дереу түзету және жауапкершілікті күшейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету және құрылыс саласындағы еңбек қауіпсіздігін арттыруға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/1240449?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді