
Ағымдағы жылдың 09 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға Конституция нормалары түсіндіріліп, цифрлық сенімхатты рәсімдеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, алимент өндіріп алу мәселелері, сондай-ақ интернет-алаяқтыққа қатысты сұрақтар бойынша кеңестер берілді.
Іс-шара облыстың заң қоғамдастығы өкілдерінің, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының менторының қатысуымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1240465?lang=ru

Жауап қалдыру