
Соңғы уақытта қала әкімдігіне тұрғын үй кезегі, баспана алу және тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою мәселелері бойынша көптеген азаматтар жүгінуде.
Осыған байланысты төмендегіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2025 жылғы 24 мамырдан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу, есептен шығару және коммуналдық немесе жеке тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлер бойынша жұмыстарды жүргізу функциялары «Отбасы банк» акционерлік қоғамына берілді.
Бүгінде тұрғын үй кезегіне тұру, кезектегі мәртебені тексеру, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және тұрғын үй беру мәселелері бойынша уәкілетті ұйым – «Отбасы банк».
Осыған байланысты аталған мәселелер бойынша сұрақтарыңыз болған жағдайда «Отбасы банк» бөлімшелеріне немесе банктің ресми ақпараттық ресурстарына жүгінулеріңізді сұраймыз.
Қала әкімдігі өз құзыреті шегінде тұрғын үй құрылысын дамыту және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1240538?lang=ru

Жауап қалдыру