Демалыс орындарын салып жатқан: Бұқтырмада заңсыз еңбек еткен 13 шетелдік анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Демалыс орындарын салып жатқан: Бұқтырмада заңсыз еңбек еткен 13 шетелдік анықталды

Шығыс Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтауға және жоюға бағытталған «Нелегал» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері құрылыс нысандарын, базарларды және шетелдік азаматтардың заңсыз еңбек қызметімен айналысуы мүмкін өзге де орындарды тексеруде.

Мәселен, Бұқтырма су қоймасының жағалауында тиісті рұқсатсыз еңбек етіп жүрген көршілес мемлекеттің 13 азаматы анықталды. Шетелдіктер демалушыларға арналған жазғы үйлерді салуға тартылған.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін олар жауапкершілікке тартылды. Әрқайсысына айыппұл салынды.

Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған жұмыс беруші де жауапқа тартылды. Оған да заңнамада көзделген айыппұл түріндегі жаза қолданылды.

«Нелегал» іс-шарасы басталғалы бері өңір аумағында шетелден келген 144 азаматтың заңсыз еңбек қызметінің жолы кесілді.

ШҚО Полиция департаменті Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдік азаматтар уәкілетті органнан тиісті рұқсат алмайынша, еңбек қызметін жүзеге асыруға құқылы емес екенін еске салады.

Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін қызметкерлерге де, жұмыс берушілерге де әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1240589?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді