
Кездесу барысында Департамент қызметкерлері студенттерге құмар ойынға тәуелділіктің пайда болу себептері, оның жастардың психикалық денсаулығына, әлеуметтік әл-ауқатына және қаржылық жағдайына тигізетін теріс әсері туралы айтылды. Лудоманияның алдын алу, жеке қаржыға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дәрістің жеке бір блогы дропперлік мәселесіне арналды. Қатысушыларға дропперлердің кім екені, жастардың заңсыз қаржылық схемаларға қалай тартылуы мүмкін екендігі, сондай-ақ банк карталарын, шоттарын және дербес деректерін үшінші тұлғаларға берудің қандай құқықтық салдары бар екені түсіндірілді.
Шара барысында студенттер талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойды және қарастырылған тақырыптар бойынша өз ойларымен бөлісті. Жастар арасында құмар ойынға тәуелділіктің және дропперлік схемаларға қатысудың теріс салдары туралы нақты мысалдар ерекше қызығушылық тудырды.
Мұндай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға және қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіп принциптерін нығайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1240862?lang=ru

Жауап қалдыру