
Бүгін 15 маусым күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңесті аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесов жүргізді. Кеңес отырысына аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы Асқар Ажғалиев және ауылдық округтер әкімдері мен тиісті сала басшылары (онлайн және офлайн режимінде) қатынасты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №34-2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
Хабарламашы: Абдуллина Раушан Шәйдукқызы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
- Бөкей ордасы ауданы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және мониторинг жүргізу бойынша есебі туралы;
Хабарламашы: Топасов Нұркен Меңдіқұлұлы – аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
- Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы және оның сапасын арттыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы есебі туралы;
Хабарламашы: Дәуленов Дәурен Жасқайратұлы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
- Сайқын және Орда ауылдық округтері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтері туралы және және оның сапасын арттыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы есептері туралы.
Хабарламашылар: Карина Индира Қадырқызы – Сайқын а/о әкімі аппаратының бас маманы;
Махимов Ғайса Темірболатұлы – Орда а/о әкімі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша шешімнің жобасы бірауыздан мақұлданып, аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге жолданса, екінші және үшінші мәселелер бойынша – кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округтер әкімдеріне хаттамалық ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bokeyorda-maslihat/press/news/details/1240976?lang=ru

Жауап қалдыру