Жол қауіпсіздігі сабағы: балаларға самокат тебу ережелері көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы мен Маңғыстау облыстық прокуратурасының қызметкерлері балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыру мақсатында арнайы профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында самокаттардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының себептері мен салдары жапондық әдістеме негізінде көрнекі түрде түсіндірілді. Балаларға жол қозғалысы кезінде мұқият болудың маңыздылығы, жолды тек көлік құралдары толық тоқтағаннан кейін кесіп өту қажеттігі және қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар, қауіпсіздік талаптарын елемеудің қандай қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін екендігі арнайы қойылымдар мен көрнекі мысалдар арқылы көрсетілді. Мамандар жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау әрбір қатысушының өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі екенін атап өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жазғы демалыс кезеңінде балалар арасындағы жол-көлік жарақаттарының алдын алу және олардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Жол қауіпсіздігі – балалар амандығының кепілі!

https://www.instagram.com/reel/DZhOOHWs3xd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1241032?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді