Маңғыстауда құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтер жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс көлемінде құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.

Аталған іс-шаралар аясында масаң күйде жасалатын қылмыстардың жолын кесу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу негізгі басым бағыттардың бірі болып табылады.

Рейд барысында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтыну деректерін анықтау, алкоголь өнімдерін заңнамада белгіленген уақыттан тыс сатуға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерін анықтау, ойын-сауық орындары мен сауда нысандарында заң талаптарының сақталуын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, жасөспірімдермен және тұрғындармен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық әңгімелер өткізіліп, құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілуде.

Жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар қоғамдық тәртіпті нығайтуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өңірдегі құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған.

Заңға бағыну — қоғам қауіпсіздігінің негізі!

https://www.instagram.com/reel/DZhR9NPszRB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1241051?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді