
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің ағымдағы жылдың 5 маусымында Солтүстік Қазақстан облысында өткен көшпелі Үкімет отырысында ірі егіншілікпен айналысатын диқаншыларды мал шаруашылығы бағытына тарту тапсырмасына сәйкес, Абай облысы әкімінің орынбасары Думан Оспановтың төралығымен облыстағы егістігі 3,0 мың га асатын ірі өсімдік шаруашылығы кәсіпорындарында мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелері бойынша Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Мақаншы және Үржар аудан әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кеңейтілген жиын өткізілді.
Кездесу барысында мал шаруашылығын дамытуда асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға бағытталған «Игілік» және «Береке» бағдарламаларының шарттары мен жеңілдіктері, мал шаруашылығын дамыту арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандырудың артықшылықтары, ет және сүт өнімдерін өндіру көлемін арттыру мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.
Жиын барысында «КХ Красный партизан» ЖШС, «СФ Песчанка» ЖШС және «Qazaq Onimi» ЖШС кәсіпорындарының өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсынылған бағыттың маңыздылығын атап өтті. Аталған шаруашылықтар мал шаруашылығы саласын дамыту жөніндегі бастаманы қолдайтындарын білдіріп, алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарға белсенді қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.
Сонымен қатар, облыс әкімдігімен тарапынан ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында мал шаруашылығы нысандарының құрылыс жұмыстарын қаржыландыру мәселесін қарастыруға қолдау көрсетілетіні атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасарының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдіктері ірі егіншілік шаруашылықтарымен бірлесіп, мал шаруашылығы жобаларын іске асыру әлеуетіне талдау жүргізіп, Ауыл шаруашылығы басқармасына нақты инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Ұсыныстардың негізінде Ауыл шаруашылығы басқармасымен Сүтті-тауарлы фермалар, өндірістік бордақылау алаңдарын құру бойынша перспективалы жобалардың тізбесі әзірленіп, олардың іске асырылуы тұрақты бақылауға алынбақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agro/press/news/details/1241050?lang=ru

Жауап қалдыру