
Су объектілерін қорғауды күшейту және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылы жаңадан қабылданған Су кодексінің 133-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар екі жыл ішінде елді мекендердің шегінде орналасқан барлық жерүсті су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеуді қамтамасыз етуге тиіс.
Осыған сәйкес жергілікті атқарушы органдар бассейндік су инспекцияларымен бірлесіп, су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу талап етілетін жерүсті су объектілеріне түгендеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде өңірлер жобалау құжаттамасын әзірлеуді, қаражатын бөлуді, мемлекеттік сатып алуды өткізуді және су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыстарды орындауды қамтитын іс-шараларды кезең-кезеңімен іске асыруда.
Бүгінгі таңда Абай облысында 54 елді мекендегі 49 су объектісінде су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленді. Астана қаласында тиісті жұмыстар Кіші Талдыкөл көлдер тобының №5 учаскесінде жүргізілді. Қалған өңірлерде іс-шараларды іске асыру бекітілген жоспарлар мен көзделген мерзімдерге сәйкес жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1241131?lang=ru

Жауап қалдыру