Құқық бұзушылықтардың алдын алу – Жетісу полициясының тұрақты бақылауында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы полициясының қызметкерлері түрлі профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен тұрақты негізде алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Бұл бағытта учаскелік полиция инспекторларына ерекше міндет жүктелген. Олар күн сайын есептегі тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын аралап, профилактикалық әңгімелер жүргізеді, заң талаптарын және құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіреді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қайталама қылмыстарға жол бермеу, сондай-ақ тәуекел тобындағы азаматтарға дер кезінде профилактикалық ықпал ету болып табылады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері азаматтардың жекелеген санаттарына қатысты сотпен белгіленген шектеулер мен ерекше талаптардың сақталуын тексереді. Есептегі әрбір тұлға тұрақты бақылауда болады. Бұл ықтимал заң бұзушылықтарға дер кезінде ден қойып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1241160?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді