
Текелі қаласында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай велошеру ұйымдастырылды. Іс-шара қала әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімімен бірлесіп өткізілді.
Спорттық шараға әртүрлі жастағы қала тұрғындары, жастар ұйымдарының өкілдері мен салауатты өмір салтын қолдаушылар қатысты.
Шара басталар алдында полиция өкілі қатысушыларды құттықтап, дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болып, пайдалы өмірлік ұстанымдарды таңдауға шақырды.
Акцияның негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және халықты тұрақты түрде спортпен шұғылдануға тарту.
Велошеруге қатысушылар белгіленген қашықтықты сәтті еңсеріп, денсаулықты сақтау мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдайтындарын көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1241156?lang=ru

Жауап қалдыру