
Түркістан облысында полицейлер табиғат аясында командалық сайыстарда бақ сынады
Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаевтың бастамасымен жеке құрам арасында тимбилдинг ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – полиция қызметкерлері арасындағы командалық өзара іс-қимылды жетілдіру, ұйымшылдықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және дене дайындығын дамыту.
Табиғат аясында өткен шара полицейлерге ерекше серпін беріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қатысушылардан “Бірлік” және “Жаужүрек” командалары құрылып, олар 10-ға жуық түрлі сайыс түрлері бойынша бақ сынасты. Бағдарламада дене қыздыру жаттығулары, эстафеталық ойындар, командалық тапсырмалар мен психологиялық тренингтер қамтылды. Ғалымжан Қуашбаев қатысушыларды марапаттап, үздік командаларға кубок пен арнайы сыйлықтар табыстады.
– Бұл шарамыз қызметтен тыс қарым-қатынасты нығайтып, ұйымшыл ұжымға ұйытқы болды. Жеке құрам арасындағы моральдық-психологиялық ахуал жақсарып, командалық рух артты. Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің эмоционалдық шаршауының алдын алып, ішкі психологиялық шиеленісті төмендетуге және біртұтас ұжым қалыптастыруға ықпал етеді, – деп атап өтті Ғалымжан Қуашбаев.
Шара соңында полицейлер ән шырқап, би билеп, көтеріңкі көңіл күймен уақыт өткізді. Естелік суретке түсіп, бұл сәт әрбір қатысушының жадында жарқын әсер қалдырған ерекше кездесу ретінде сақталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1241221?lang=ru

Жауап қалдыру