
10-12 шілде күндері Катонқарағай және Берел ауылдарында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» ауқымды фестивалі өтеді.
Үш күнге созылатын бағдарламада: айтыс, поэзия, аламан бәйге, ұлттық спорт түрлері, қолөнер және этно-мәдени іс-шаралар, жұлдыздардың қатысуымен өтетін Гала-концерт бар.
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» – тамыры терең тарих, әсем табиғат, ұлттық рух пен заманауи мәдениетті тоғыстырған ерекше мереке.
Айта кетейік, былтыр халықаралық фестивальге Орталық Азия мен түркі дүниесінен қонақтар жиналған еді. Ел облыстарынан және әлемнің 11 мемлекетінен келген эстрада жұлдыздары көрерменге көтеріңді көңіл-күй мен ерекше атмосфера сыйлаған болатын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1241239?lang=ru

Жауап қалдыру