АУДАН ӘКІМІ ҚАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙҰЛЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтіп, оған аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтері әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай 2026 жылдың алғашқы алты айындағы облыстық индикаторлық көрсеткіштердің болжамды орындалуы туралы баяндама жасады. Баяндама барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы негізгі көрсеткіштері сараланып, жоспарлы межелердің орындалу деңгейі талқыланды. Сондай-ақ инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту, бюджет кірістерін ұлғайту, жұмыспен қамту және басқа да маңызды бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы көрсеткіштердің сапалы әрі толық орындалуы ауданның дамуына тікелей әсер ететінін атап өтіп, жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Нұртуған Қарибжанов әскерге шақыру іс-шаралары жоспарының орындалуы туралы баяндама жасады. Мәліметте мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру науқанының барысы, жоспарлы көрсеткіштердің орындалу деңгейі және алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жұмыстар қамтылды.
Жиын барысында жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайту, Отан алдындағы борышты өтеудің маңыздылығын түсіндіру және әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеп, белгіленген көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ әскерге шақыру науқанын жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1241322?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді