Құрметті ата-аналар! Балаларымыздың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында балаларыңыздың пайдаланатын заттарына, қызығушылықтарына және араласатын ортасына ерекше назар аударуыңызды сұраймыз.

 Естеріңізге саламыз: суық қаруды немесе оған конструктивтік жағынан ұқсас қауіпті заттарды заңсыз сақтау және алып жүру әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

 Балаларыңызбен түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз;
 Мектеп сөмкелері мен жеке заттарына назар аударыңыз;
 Пышақтар мен басқа да қауіпті заттарды себепсіз алып жүруге болмайтынын ескертіңіз;
 Қауіпті заттарды заңсыз сақтау немесе алып жүру фактілері анықталған жағдайда полиция органдарына хабарлаңыз.

Отбасы, мектеп және полицияның бірлескен жұмысы ғана құқық бұзушылықтардың алдын алып, балаларымыздың қауіпсіз болашағын қамтамасыз етеді.

Құрметті ата-аналар, балаларыңызда суық қаруға жататын немесе оған ұқсас заттардың жоқ екеніне көз жеткізіңіздер. Уақытылы бақылау – қауіпсіздіктің кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1241337?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді