ҚҰРМЕТТІ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
“QAZAQGAZ AIMAQ” АО-ның Түркістан өндірістік филиалының хабарлауынша, «Мақтаарал» газ тарату станциясында (ГРС) жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты табиғи газ беру уақытша тоқтатылады.
🗓️ Газ беру тоқтатылатын мерзім:
2026 жылғы 17 маусым сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 19 маусымға дейін.
Осыған байланысты төмендегі елді мекендерде табиғи газ беру уақытша тоқтатылады:
🔹 Кенттер: Мырзакент, Атакент
🔹 Мақтаарал ауылдық округі
🔹 Жамбыл ауылдық округі
🔹 Бірлік ауылдық округі
🔹 Иіржар ауылдық округі
🔹 Жаңа жол ауылдық округі
🔹 Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі
🔹 Еңбекші ауылдық округі
⚠️ Газ беру тоқтатылатын кезеңде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, газ жабдықтарын қараусыз қалдырмауды сұраймыз.
Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністік танытқандарыңызға рақмет!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1241397?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді