
Мемлекеттік еңбек инспекторы Таскескен ауылында орналасқан “Үржар колледжі” КММ студенттерімен және ұжыммен кездесу өткізіп, еңбек заңнамасы, еңбек шартын жасау тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында студенттердің және жұмысшылардың еңбек қатынастарына қатысты сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1241496?lang=ru

Жауап қалдыру