Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы – 2026» облыстық жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2026» жастар сыйлығының

ЕРЕЖЕСІ

 

  • ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1. Байқауды ұйымдастырушылар: Жетісу облысының ішкі саясат басқарамасының «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ арқылы «Жоғарғы жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі.

1.2. «Көшбасшы-2026» жастар сыйлығы – Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына белсенді үлес қосқан жастарды қолдауға бағытталған дәстүрлі облыстық іс-шара.

 

  1. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Мақсаты – 14-35 жас аралығындағы үздік жастарды марапаттап, олардың жетістіктерін кең жұртшылыққа таныту.

2.2. Міндеттері:

  • жастардың жетістіктерін көпшілікке таныстыру;
  • перспективалы көшбасшыларды анықтау;
  • жастарды мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар мен қоғамдық өмірге тарту;
  • үздік жастарды материалдық және моральдық тұрғыда ынталандыру.

 

  1. ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ

3.1. Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2026» жастар сыйлығына үміткерлер:

  • Жетісу облысының 14-35 жас аралығындағы (өтінім берудің соңғы күніне дейін) белсенді жастары;
  • мектеп, колледж, ЖОО білім алушылары, волонтерлер, мұғалімдер мен жас ғалымдар, мәдениет, спорт, медицина саласының өкілдері, кәсіпкерлер, журналистер, волонтерлер, әскери қызметкерлер, ауылдық нұсқаушылар, жас отбасылар және т.б.;
  • белгілі бір салада жетістіктерге жетуі және облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алып жүрген жастар;
  • белсенді, білімді, креативті ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянып қалмайтын нағыз Көшбасшы жас болуы керек.

3.2. Байқауды өткізу барысында үміткерлер презентация, қайырымдылық
іс-шаралар мен баспасөз конференцияларына тартылуы мүмкін.

3.3. Үміткер ұсынған құжаттардың растылығы мен заңдылығына толық жауапты.

3.4. Байқауға соңғы 4 жыл ішінде жеңімпаз атанған жастар  қатыспайды.

3.5. Үміткер тек бір аталым бойынша қатыса алады;

3.6. Үміткердің жасы 35-ке толмауы міндетті;

3.7. Қатысушының облыста тұрып жатқаны және жұмыс істейтіні/оқитыны расталуы қажет.

 

  1. БАЙҚАУДЫҢ АТАЛЫМДАРЫ

4.1. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі (талаптарды растайтын құжаттар тіркелуі қажет):

 

1) «Үздік жас цифрлық көшбасшы»

  • Жасы: 14-ден 34 жасқа дейінгі аралықта (жеке куәлік көшірмесі);
  • Білімі: Жоғары, кәсіптік-техникалық немесе орта арнаулы білімі болуы қажет (колледж, техникум және т.б.).
  • Жұмыс тәжірибесі: IT саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесін растайтын жұмыс орнынан анықтама немесе мінездеме;
  • Жобалық қызмет: жүзеге асырылған жобалардың портфолиосы (сайттарға, қосымшаларға, GitHub репозиторийлеріне сілтемелер) немесе соңғы 2 жыл ішінде IT қауымдастығы мен стартап қозғалысына белсенді қатысқанын растайтын құжаттар;
  • Кәсіби жетістіктері: Цифрландыру саласына қосқан практикалық үлесін растайтын материалдар ұсынылады (кемінде 2–3 құжат): IT шешімдерін енгізу актілері немесе әзірленген функционал сипаттамасы, хакатондар, олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстары бойынша дипломдар, грамоталар немесе сертификаттар, инновациялық идеялар немесе стартап жобалардың авторлығын растайтын материалдар (презентациялар, прототиптер), цифрлық технологиялар тақырыбындағы медиа жарияланымдар немесе ғылыми мақалалар;
  • Жастар саясатына қатысуы: Мемлекеттік ұйымдардан немесе үкіметтік емес ұйымдардан (ҮЕҰ), IT-хабтар, технопарктер не технологиялық компаниялар жетекшілерінен. кемінде 3 ұсыныс хат болуы қажет;
  • Соңғы 3 жылдағы марапаттары: Алғыс хаттар, грамоталар, медальдар, сертификаттар және өзге де марапаттардың көшірмелері қоса беріледі.

 

2) «Үздік жас қоғам белсендісі»

  • Жасы: 14-тен 34 жасқа дейін (жеке куәлік көшірмесі);
  • Волонтерлік, қайырымдылық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да қоғамдық бағыттарда белсенді қызмет атқаруы;
  • Қоғамда, БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы жастардың өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешуге атсалысқан болуы (портфолио: материалдар, фото-дәлелдемелер);
  • Кемінде 2 жылдық тәжірибесі болуы және еңбек жолында тәртіптік жазасы болмауы (жұмыс орнынан/ұйымнан анықтама);
  • Көшбасшылық қасиетке ие, оқуда немесе қоғамдық ортада ерекше дағды көрсеткен;
  • Жастар саясатына қатысуы (кемінде 3 ұсыныс хат – мемлекеттік ұйымдардан немесе ҮЕҰ);
  • Соңғы 3 жылда алған марапаттары (алғыс хат, грамота, медаль, сертификаттар – көшірмелері).

 

  • «Үздік жас спортшы»
  • Жасы: 14-тен 34 жасқа дейін (жеке куәлік көшірмесі);
  • Халықаралық, республикалық немесе облыстық спорттық жарыстардың жүлдегері (куәлік, медаль көшірмелері);
  • Еңбек жолында немесе оқу орнында тәртіптік жазасы, допинг дауы мен басқа тәртіп бұзушылықтарға қатысы болмауы (анықтама);
  • Облыс көлемінде жастар саясаты мен қоғамдық шараларға белсене қатысуы (портфолио, кемі 3 ұсыныс хат);
  • Көшбасшылық қасиеті мен ерекше спорттық қабілеті болуы;
  • Соңғы 3 жылда марапатталған және спорттық дәрежесі бар (құжат көшірмелері).

 

  • «Үздік студент»
  • Жасы: 14-тен 23 жасқа дейін (жеке куәлік көшірмесі);
  • Жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарының студенті;
  • GPA көрсеткіші жоғары, оқуда озат (академиялық анықтама);
  • Кемінде 2 жыл жастар ұйымы немесе қозғалысында белсенді қызмет атқарған (растайтын анықтама);
  • Студенттік билетінің көшірмесі;
  • Қысқаша портфолио (ғылыми/шығармашылық/қоғамдық белсенділік туралы мәліметтер);
  • Жастар саясатына қатысқаны үшін 3 ұсыныс хат;
  • Соңғы 3 жылда марапаттар, сертификаттар алған болуы қажет.

 

5) «Үздік оқушы»

  • Жасы: 14–18 жас аралығында (орта мектеп оқушысы);
  • Оқуда озат, көшбасшылық қабілеті бар, ерекше шеберлікке ие (мектеп анықтамасы);
  • Мемлекеттік жастар саясаты мен қоғамдық іс-шараларға қатысқан (портфолио, жоба);
  • Қоғамдық жұмысқа белсенді араласқан: ментор, дебат, өзін-өзі басқару ұйымдары және т.б. (кемі 3 ұсыныс хат);
  • Халықаралық, республикалық олимпиада, ғылыми жоба, конкурс жүлдегері;
  • Соңғы 3 жылда марапаттарға ие болған (құжат көшірмелері).

 

6) «Білім және ғылым саласының үздік жас көшбасшысы»

  • Жасы: 18–34 жас (жеке куәлік көшірмесі);
  • Кәсіби саласы: Мұғалім, оқытушы, жас ғалым, ғылыми қызметкер, білім беру саласындағы менеджер, педагог-зерттеуші және т.б.;
  • Кемінде 3 жылдық еңбек өтілі (оқу орны немесе ғылыми-зерттеу мекемесінен анықтама);
  • Мемлекеттік жастар саясатына белсене араласуы (3 ұсыныс хат);
  • Көшбасшылық қабілеті мен ерекше кәсіби шеберлігі;
  • Ғылыми жетістіктері бар: ғылыми мақала, патент, авторлық куәлік және т.б.;
  • Магистр немесе PhD дәрежесі (құжат көшірмесі);
  • Соңғы 3 жылда халықаралық/республикалық ғылыми журналда жарияланымдары болуы;
  • Марапаттар, сертификаттар (құжаттармен расталуы керек).

 

7) «Үздік жас отбасы»

  • Жасы: ерлі-зайыптылардың жасы 34-тен аспауы тиіс (жеке куәлік көшірмелері);
  • Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • Ресми некеде болуы және толыққанды отбасы (неке куәлігі мен балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі);
  • Кемінде 4 бала тәрбиелеп отырған;
  • Жастар саясатына және қоғамдық өмірге белсенді араласуы (кемінде
    3 ұсыныс хат);
  • Еңбекші әулеттерден шыққан болуы (еңбек өтілі, сала дәстүрі);
  • Отбасы мүшелерінің жетістіктері, жобаларға қатысуы, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі (портфолио);
  • Құжаттар пакеті: Отбасылық фотосуреттер (күнделікті өмірінен, іс-шаралардан); Отбасы туралы қысқаша сипаттама (өмір салты, құндылықтары, жетістіктері);
  • Соңғы 3 жылда марапатталған болуы.

 

8) «Үздік жас кәсіпкер»

  • Жасы: 18–34 жас (жеке куәлік көшірмесі);
  • Кәсіпкерлікпен кемінде 3 жыл айналысқан (Egov анықтама), жеке кәсіпкер (ИП), ЖШС иесі немесе құрылтайшысы;
  • Бизнесті дамытуда жаңашылдық енгізген, отандық өнім өндіруде үлесі бар (портфолио, өнім, жоба);
  • Кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы (қашан, қалай басталды, немен айналысады);
  • NEET санатындағы немесе жұмыссыз жастарды жұмысқа тартқан (штат кестесі);
  • Қайырымдылықпен немесе демеушілікпен айналысқан (растайтын материалдар);
  • Кәсіпорын көлемі, желілері, жұмыс күші ескеріледі (құрылым, сипаттама);
  • Мемлекеттік жастар саясатына белсенді араласуы (3 ұсыныс хат);
  • Жобаның/бизнесінің жетістіктерін растайтын құжаттар (сертификаттар, марапаттар, БАҚ жарияланымдар, фото/видео материалдар);
  • Соңғы 3 жылда марапаттар алған болуы тиіс.

 

9) «Мәдениет саласының үздік жас көшбасшысы»

  • Жасы: 14–34 жас (жеке куәлік көшірмесі);
  • Қызмет бағыты: Мәдениет, өнер, музыка, театр, би, бейнелеу өнері, киелі мұра, музей ісі, халық шығармашылығы, т.б. салаларда еңбек етіп жүрген;
  • Мәдени іс-шараларға белсенді қатысушы немесе ұйымдастырушы, көшбасшылық және кәсіби шеберлікке ие, жастар арасында танымал;
  • Жеке шығармашылық репертуары, туындысы болуы (жарияланған немесе платформада орналасқан);
  • Соңғы 3 жылда республикалық немесе халықаралық байқауларда жүлде алған;
  • Облыс көлемінде мәдени жобалар мен жастар саясатына үлес қосқан
    (3 ұсыныс хат);
  • Еңбек тәртібін бұзбаған (анықтама);
  • Шығармашылық портфолио (бейнематериалдар, суреттер, сілтемелер);
  • Марапаттар, сертификаттар бар.

 

10) «Медицина саласының үздік жас көшбасшысы»

  • Жасы: 14–34 жас (жеке куәлік көшірмесі);
  • Кәсіби мәртебесі: Дәрігер, фельдшер, мейіргер, зертханашы, санитариялық дәрігер, психолог немесе басқа да денсаулық сақтау саласының маманы;
  • Еңбек өтілі: кемінде 3 жыл, еңбек тәртібі бұзылмаған (анықтама);
  • Медицина саласындағы жетістіктер: күрделі ота, жаңа тәсіл, әулеттік мамандық үлгісі (портфолио);
  • Қоғамдық денсаулықты нығайтуға белсенді қатысушы;
  • Төтенше жағдайлар кезінде (COVID-19, қан тапсыру, еріктілік т.б.) ерекше еңбек сіңірген;
  • Жастар саясатына үлес қосуы (3 ұсыныс хат);
  • Соңғы 3 жылда марапатталған (құжат көшірмелері).

 

11) «Үздік жас журналист»

  • Жасы: 14–34 жас (жеке куәлік көшірмесі);
  • Кәсібі: Тележурналист, радиожурналист, газет-журнал тілшісі, онлайн медиа редакторы, блогер, медиаконтент жасаушы (YouTube, Instagram, т.б.);
  • Жұмыс орны: Бұқаралық ақпарат құралында, медиа жобада, ақпарат агенттігінде немесе фрилансер ретінде жұмыс істеуі;
  • Медиа саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
  • Мемлекеттік жастар саясатын ақпараттандыруда белсенді;
  • Өзекті тақырыптарда зерттеу, ақпарат таратуда шынайылық пен кәсібилікті ұстануы, авторлық материал, БАҚ-тағы жарияланымдар;
  • Қоғамдық маңызы бар жобаларға үлес қосқан (портфолио, ұсыныс хаттар);
  • Медиа өнімдерінің сілтемелері немесе скриншоттары (мақалалар, репортаждар, сюжеттер, т.б.);
  • БАҚ немесе аудитория тарапынан расталған жетістіктер;
  • Ұсыныс хат (редакция басшысы, продюсер, қоғамдық ұйымнан).
  • Соңғы 3 жылда марапаттары болуы тиіс.

 

        12) «Үздік жас әскери қызметкер»

  • Жасы: 18–34 жас (жеке куәлік көшірмесі);
  • Білімі: Жоғары, кәсіптік-техникалық немесе орта арнаулы білімі болуы қажет. Әскери мамандық бойынша білім алған азаматтарға басымдық беріледі;
  • Қызмет өтілі: Кемінде 2–3 жыл әскери саласында қызмет атқарған болуы тиіс. Қызмет барысында тәртіптік жаза, ескерту немесе сөгіс болмағаны жөнінде әскери бөлімнен немесе қызмет орнынан анықтама ұсынылады (басшының қолы мен мөрімен расталуы қажет);
  • Кәсіби жетістігі: Соңғы 1 жыл ішінде қызмет барысында жоғары нәтижелер көрсеткен, жауынгерлік, дене даярлығы немесе кәсіби шеберлік бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізген болуы қажет. Бар болған жағдайда – марапаттар, алғыс хаттар, грамоталар, төсбелгілер, сертификаттар көшірмелері ұсынылады;
  • Қоғамдық және патриоттық белсенділігі: Әскери-патриоттық іс-шараларға, жастар тәрбиесіне, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуы құпталады;
  • Жастар саясатына қатысуы (кемінде 3 ұсыныс хат – мемлекеттік ұйымдардан немесе ҮЕҰ);
  • Соңғы 3 жылда алған марапаттары (алғыс хат, грамота, медаль, сертификаттар – көшірмелері).

 

13) «Үздік жас батыр»

  • Жасы: 18-34 жас (жеке куәлік көшірмесі);
  • Адам денсаулығын немесе өмірін сақтап қалу, апаттық жағдайларды алдын ала ескерту салдарын жою, қылмысты болдырмау жайында амал жасау сияқты және т.б. әлеуметтік-маңызды әрекет ету;
  • Кемінде 3 ұсыныс хат – мемлекеттік ұйымдардан немесе ҮЕҰ;
  • Соңғы 3 жылда мемлекет басшысы, әкімдік, партия, ҮЕҰ немесе басқа да ұйымдар мен мекемелер тарапынан алғыс хат, грамоталардың, сертификаттарының болуы қажет.

 

14) «Үздік жас волонтер»

  • Жасы: 14-34 жас (жеке куәлік көшірмесі);
  • Түрлі саладағы волонтерлер: мектеп, колледж, ЖОО білім алушылары, мұғалімдер мен жас ғалымдар, мәдениет, спорт, медицина саласының өкілдері, кәсіпкерлер, журналистер және жас отбасылар, ҮЕҰ өкілдері және т.б.;
  • Бағыттары: жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру; тарихи және мәдени мұраны сақтау; білім беру саласында оқытуға волонтерлік көмек көрсету; әлеуметтік қызмет көрсету; балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсету; денсаулық сақтау саласындағы волонтерлік қызмет және науқастарды күтуге көмек көрсету; қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау; жоғалған адамдарды іздеу; апаттар қаупін азайту және табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысу. Кемінде 2 жылдық белсенді тәжірибесі болуы керек;
  • Қоғамдық өмірге белсенді араласуы, марапаттары немесе алғыс хаттары болғаны құпталады.
  • Кемінде 3 ұсыныс хат – мемлекеттік ұйымдардан немесе ҮЕҰ;
  • Соңғы 3 жылда алған марапаттары (алғыс хат, грамота, медаль, сертификаттар – көшірмелері);

Ескерту: Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Волонтерлік қызмет туралы» Заңының 4-бабы 3-тармағына сәйкес, волонтерлік қызмет саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қолдауға бағытталмайды. Осыған байланысты волонтерлік байқауға саяси партиялар, діни бірлестіктер және олардың өкілдері жіберілмейді.

 

15) «Үздік жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушы»

  • Жасы: 18-34 жас (жеке куәлік көшірмесі);
  • Білімі: Жоғары, кәсіптік-техникалық немесе орта арнаулы білімі болуы қажет;
  • Ауыл жастарын қоғамдық, мәдени және әлеуметтік шараларға тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізген;
  • NEET санатындағы жастармен, жұмыссыз жастармен және әлеуметтік осал топтағы жастармен жұмыс тәжірибесі болуы;
  • Ауылдық елді мекендерде жастар бастамаларын жүзеге асыруға және жастар ұйымдарының жұмысын дамытуға үлес қосқан;
  • Жастар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың, лудоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында іс-шаралар ұйымдастырған;
  • Мемлекеттік жастар саясатын түсіндіру және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстарын жүргізген;
  • Ауыл жастарының жұмыспен қамтылуы, кәсіпкерлік бастамалары немесе білім алуына қолдау көрсету бағытында нақты нәтижелері болуы;
  • Халықпен, білім беру ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жүргізген;
  • Әлеуметтік желілерде жастар саясаты мен қоғамдық бастамаларды насихаттауда белсенділік танытқан.
  • Соңғы 3 жылда облыстық, республикалық немесе халықаралық форум, байқау, жоба аясында жетістікке жеткен;
  • Облыс көлемінде жастар саясаты мен қоғамдық бастамаларға үлес қосқан
    (3 ұсыныс хат);
  • Жұмыс тәжірибесін дәлелдейтін портфолио (жобалар, фото/бейнематериалдар, сілтемелер);
  • Соңғы 3 жылда алған марапаттары (алғыс хат, грамота, медаль, сертификаттар – көшірмелері).

 

  1. БАЙҚАУ МАТЕРИАЛДАРЫН БАҒАЛАУ  ӨЛШЕМДЕРІ

5.1. Байқау екі кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең – ұйымдастырушылар қатысушының құжаттарының толықтығы мен сәйкестігін тексереді. Қажет болған жағдайда құжаттарды толықтыру үшін                      1 жұмыс күні беріледі.

Екінші кезең – арнайы бекітілген ережеге сәйкес құрылған қазылар алқасы үміткерлердің материалдарын бағалайды.

5.2. Үміткер тек бір ғана номинацияға қатыса алады.

5.3. Байқауға соңғы 3 жыл ішінде қол жеткізген нақты нәтижелер мен жетістіктер ұсынылады.

5.4. Қазылар алқасы бағалау парағы негізінде үміткерлердің портфолиосын сараптап, төмендегі критерийлер бойынша 1-ден 10 балл аралығында бағалайды:

  • Жұмыс өтілі;
  • Халықаралық және республикалық ғылыми жобалар, байқаулар, олимпиадалар;
  • Оқудағы үлгерімі мен жетістіктері (оқушылар мен студенттер үшін);
  • Қоғамдық белсенділігі;
  • Жастар арасында танымалдығы (блог, медиа, аудитория ықпалы);
  • Қайырымдылық және демеушілік қызмет;
  • Ұлттық құндылықтарды дәріптеуі;
  • Ісіне адалдығы мен шынайылығы;
  • Жастарды қамту ауқымы;
  • Іс-шаралардың сапасы мен маңыздылығы;
  • Ұсыныс хаттар, мінездемелер, марапат деңгейі;
  • Ұсынылған материалдардың өзектілігі;
  • Жеке белсенділігі мен нақты үлесі;
  • Авторлық жобалар мен бастамалар;
  • Цифрлық технологияны қолдану (медиа, онлайн құралдар).

Критерийлер тізімі байқау номинациясына байланысты өзгертіліп немесе нақтылауға жатады.

5.5. Портфолиоға қойылатын техникалық талаптар:

Баспалық нұсқа (1 дана):

  • Көлемі –А3-тен үлкен емес;
  • Түрлі-түсті, 200 г/м²-ден төмен емес қағазға басылып, жұмсақ мұқабаментүптелген (переплет);
  • Мазмұн бетібірінші бетте болуы тиіс;
  • Барлық беттерінөмірленгенфотосуреттермен расталған, қысқа да түсінікті түрде жасалған;
  • Креативті түрде (сандық, ағаш т.б.) ұсынылған портфолиолар үшінқосымша балл берілмейді.

Электронды нұсқа (флешкада):

  • Файлдарбір архивке жиналыпбір PDF форматына біріктірілген;
  • Файл атауында:аты-жөні, номинациясы, аудан/қала көрсетілуі қажет;
  • PDF көлемі –25 ГБ-қа дейін;
  • Барлық сканерленген құжаттарсапалы, анық көрінетін болуы керек;
  • Құжаттарреттілікпен орналастырылып, бірізділік сақталуы тиіс.

5.6. Авторлық құқық: Портфолиода ұсынылған барлық материалдар (мәтіндер, фотолар, бейнематериалдар, жобалар) үміткердің жеке меншігі болуы немесе заңды түрде қолдануға рұқсат етілген болуы тиіс. Авторлық құқық бұзылған жағдайда үміткер байқаудан шеттетіледі.

5.7. Апелляциялық тәртіп: Қазылар алқасының шешімімен келіспеген жағдайда үміткерлер байқау қорытындысы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде дәлелді негіздемелері мен растайтын құжаттарын қоса тіркеп, ұйымдастыру комитетіне жазбаша түрде апелляциялық өтініш жолдай алады. Апелляцияны қарау және қанағаттандыру ұйымдастыру комитетінің құзыретіне жатады.

 

  1. БАЙҚАУДЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ

6.1. Өтінімдер осы Ереже жарияланған күннен бастап 2026 жылғы
1-ші шілдеге дейін қабылданады.

6.2. Қазылар алқасы портфолиоларды бағалап, ең үздік үміткерлерді іріктеп, олардың ішінен жеңімпаздарды анықтайды.

 

  1. БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

7.1.  Байқаудың жалпы үйлестіруі ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

7.2. Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың:

  • Жіберген материалдарын,
  • Тізімін,
  • Жеңімпаздар базасын сақтайтын деректер қорын әзірлейді.

7.3. Комитет осы Ережені басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізеді.

 

  1. БАЙҚАУДЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

8.1. Әр номинация бойынша жеке отырыс ұйымдастырылады.

8.2. Қазылар портфолиоларды саралап, баллдық жүйе арқылы әділ баға береді.

8.3. Қазылар алқасына мыналар кіреді:

Ұйымдастырушы орган – Жетісу облысының ішкі саясат басқарамасының «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ арқылы «Жоғарғы жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі;

  • Облыс әкімінің орынбасары;
  • Депутаттар, қоғам қайраткерлері, белсенділер;
  • Журналистер;
  • Білім, ғылым, мәдениет, медицина, спорт, жастар саласының өкілдері;
  • Өткен жылдардағы жеңімпаздар;
  • Байқау серіктестері мен қолдаушылары.

8.4. Қазылар алқасы мүшелері марапаттау рәсіміне қатысуы міндетті.

 

  1. БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

9.1. Қазылар алқасы үміткерлерге балл беріп, жеңімпаздарды анықтайды.

9.2. Егер портфолиолар сапасыз болса немесе талапқа сай келмесе, жүлде берілмей қалуы мүмкін – бұл жағдайда комиссия байқау ұйымдастырушыларына ұсыныс енгізуге құқылы.

9.3. Байқау нәтижелері 2026 жылғы 12 тамыз күні өтетін марапаттау салтанатында жарияланады.

Салтанатты рәсімге:

  • Байқауға қатысушылар мен жеңімпаздар;
  • Мектеп, колледж, ЖОО студенттері;
  • Мұғалімдер мен жас ғалымдар;
  • Волонтерлер;
  • Мәдениет, спорт, медицина, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет саласындағы жастар;
  • Жас отбасылар, жастар ұйымдары;
  • Қызығушылық танытқан тұрғындар мен қонақтар қатысады.

9.4. Жеңімпаздар мынадай марапаттарға ие болады:

  • Диплом;
  • Мүсінше (статуэтка);
  • Ақшалай сыйақы(мөлшері кейінірек бекітіледі).

 

  1. БАЙҚАУҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ

10.1. Байқауға қатысу үшін құжаттар электронды және баспа нұсқада ұсынылуы қажет.

  • Электронды нұсқа: E-mail:jastar@mail.ru
  • Баспалық нұсқа: Мекенжайы:040000, Талдықорған қаласы, Д. Қонаев көшесі, №47, 212-кабинет
  • Құжаттарды тапсырудыңсоңғы мерзімі: 2026 жылғы 1 шілде, сағат 18:00-ге дейін.
  • Байланыс телефондары:
    • +7 (707) 929-12-72 –Д. Айт
    • +7 (747) 341-25-59 –Е. Талғатқызы

10.2. Байқау материалдары қазақ немесе орыс тілінде қабылданады.

10.3. Конкурстық материалдар қайтарылмайды және өңделмейді. Ұсынылған материалдар БАҚ-та, интернет-ресурстарда немесе өзге де алаңдарда толық немесе ішінара жариялануы мүмкін. Қатысушы материалдардың жариялануына келісім білдіреді деп есептеледі.

 

  1. ӨТІНІМ ҮЛГІСІ

Бет №

Мазмұны

1-бет

Мұқаба: Үміткердің аты-жөнісуретіноминация атауыаудан/қала көрсетіледі.

2-бет

Өтінім: Қолы және күні қойылған.

3-бет

Мазмұн беті: Барлық бөлімдердің атауы мен бет нөмірлері көрсетіледі.

4–5-беттер

Кіріспе: Өмірбаяндық ақпарат:

  • ТАӘ (толық аты-жөні);
  • Туған күні, айы, жылы;
  • Оқу орны/жұмыс орны;
  • Отбасылық жағдайы;
  • Еңбек өтілі немесе тәжірибесі;
  • Қызығушылықтар, хобби;
  • Өзін таныстыру сипаттамасы.

 

6–20-беттер | Жетістіктері:

  • Жыл/ай/күн тәртібіменреттелген;
  • Әр жетістікке қысқашатүсініктеме беріледі (қайда, қандай байқау, қандай нәтиже);
  • Суреттермен немесе құжат көшірмелерімен расталады(түрлі-түсті дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттар т.б.);
  • Қай жылы, қандай ұйымнан, не үшін берілгені нақты көрсетілуі тиіс.

 

21-бет | Мотивациялық эссе: «Неге мен “Көшбасшы” жастар сыйлығына лайықтымын?» тақырыбында.

  • Эссееркін стильдешынайы және шабыттандыратын болуы тиіс.

 

22–25-беттер | Фотосуреттер (барлығы 5):

  • 1 – жеке портрет (ресми);
  • 2 – жұмыс/оқу барысынан (іс-әрекет үстінде);
  • 1 – бос уақыт кезінен (хобби, демалыс);
  • 1 – отбасы мүшелерімен бірге түскен.
    Суреттер анық, сапалы және мазмұнға сай болуы қажет.

 

! Ескерту: Өтінім форматы ұсынылған үлгі бойынша сақталуы міндетті. Көрсетілген құрылым сақталмаған немесе мазмұны толық емес өтінімдер байқауға жіберілмеуі мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/1241499?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді