ШҚО-да «STOP Алкоголь» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да «STOP Алкоголь» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды

Шығыс Қазақстан облысында масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы заңбұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған «STOP Алкоголь» жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды.

Іс-шараға полиция қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері және волонтерлер қатысты. ЖПІШ барысында профилактикалық есепте тұрған 1 411 адам, оның ішінде ішімдікке құмар азаматтар мен қолайсыз отбасылар тексерілді.

Рейдтер мен тексерулердің нәтижесінде 22 құқық бұзушылық анықталды. Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Адрестік профилактикалық жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелеріне алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу үшін 4 азамат жіберілді. Сонымен қатар, тағы 14 адамға қатысты сот алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салуды көздейтін мінез-құлыққа қатысты ерекше талаптар белгіледі.

Полицейлер ішімдікке салыну отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың, қоғамдық тәртіпті бұзудың және қылмыстардың негізгі себептерінің бірі болып қала беретінін атап өтті. Сол себепті, алкогольге тәуелділіктің және онымен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу құқық қорғау органдары жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасын табады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1241619?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді