«ДЕЙІН–КЕЙІН»: АҚТАУДА КӘСІПКЕРЛЕР АБАТТАНДЫРУ БОЙЫНША БЕРІЛГЕН ТАЛАПТАРДЫ ОРЫНДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, бұған дейін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала аумағындағы шағын аудандарда тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілген болатын. Мониторинг нәтижесінде бірқатар шағын аудандарда орналасқан кәсіпкерлік нысандардың абаттандыру қағидаларын бұзу деректері анықталды.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты құрылыс компанияларының өкілдеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, оларға нысан аумақтарын тазалау, ретке келтіру және санитарлық талаптарға сәйкес күтіп ұстау жөнінде міндеттемелер жүктелген болатын.

Нәтижесінде ақтаулық кәсіпкерлер берілген талаптарды орындап, өздеріне тиесілі аумақтарды ретке келтірді. Жүргізілген жұмыстар қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және оның көркем келбетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.

Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерді қала аумағының тазалығы мен тәртібін сақтауға, Ақтаудың эстетикалық келбетін жақсартуға және тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлы әрі тартымды орта қалыптастыруға үлес қосуға шақырамыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1241663?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді