
БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ (СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛҒАН) КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРЫҚ ЕКІНШІ СЕССИЯСЫ
2026 жылғы 16 маусым күні Бесқарағай аудандық мәслихатының (сегізінші шақырылған) кезектен тыс қырық екінші сессиясы «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн режимінде өтті.
Сессияның жұмысына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.А. Заденов және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Ж. Баталов қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Бесқарағай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/5–VIII «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әртүрлі мәселе:
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 55/8-VІ «Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы» шешеміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қарастырылып, депутаттар бірауыздан оң дауыстарын берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragaymaslikhat/press/news/details/1241778?lang=ru

Жауап қалдыру